
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Теміртауда 18 көпбалалы отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтер алды. Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй көп балалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз кезек тәртібімен бөлінеді.
Пәтерлер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қайталама тұрғын үй нарығында сатып алынды. Олардың барлығы белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келеді.
2021 жылға тағы 20 пәтер сатып алуға қаражат салынды.