Сәтбаев қаласында күрделі жөндеуден кейін «Балапан» балабақшасы ашылды

Сәтбаев қаласында күрделі жөндеуден кейін «Балапан» балабақшасы ашылды

Сәтбаевта Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңартылған «Балапан» бөбекжайы ашылды. Ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті.

Мектепке дейінгі мекеме 1973 жылдан бастап жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы ғимарат жөнделмеген. Қазір ол ішкі және сыртқы жағынан өзгерді. Құрылысшылар шатырды, терезелер мен есіктерді ауыстырды, жаңа кәріз, сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін орнатты. Ас үй заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Балалар топтарына арналған бөлмелер жайлы және жылы бола түсті.

Қала әкімі Асқар Ыдырысов биыл Жұмыспен қамту жол картасы бойынша үш балабақшаның күрделі жөндеуі қаржыландырылғанын атап өтті. Олардың екеуінде де жұмыстар аяқталғалы жатыр, жақын арада ашылуы күтілуде.

Сәтбаев әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша