
Қарағанды облысында ондаған жылдар бойы жұмыс істемеген лифтілерді ауыстыру жалғасуда. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша биыл үйлерді 100 көтергішпен жабдықтау жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 60 лифт пайдалануға берілді. 22 нысанда монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Көтергіш механизмдерді орнату «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Облыстың барлық қалалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қарағанды облысының әкімдігі мен «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Болашақта билік облыстың барлық лифт шаруашылығын нормативтік ұстауға алып келеді деп үміттенеді.
ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы көтергіштерді ауыстыруға 8 жыл мерзімге қарыз берді. Тұрғындар бұл қаражатты біртіндеп өтейді. Ай сайынғы төлем сомасы пәтердің ауданына байланысты.
Егер сіздің үйіңізде (подъезде) лифт ауыстыру қажет болса, «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС-не (8-7212) 97-39-70 телефоны бойынша хабарласыңыз.