Балқаштық студент «Абай әлемі» онлайн-байқауының жүлдегері атанды

Балқаштық студент «Абай әлемі» онлайн-байқауының жүлдегері атанды

«Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалінде бірінші орынды Балқаш қаласының тұрғыны Данияр Керембаев жеңіп алды. Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұлы ағартушы және ақын Абай Құнанбаевтың мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Бес номинация бойынша еліміздің 60 жоғары оқу орнынан 200-ден астам қатысушы бақ сынады. Байқау онлайн режимінде өтті.

Данияр Керембаев Абайдың алтыншы және қырық үшінші қара сөзін келтіріп, олардың мағынасын түсіндірді. Нәтижесінде ол өз номинациясында 60 қатысушының арасынан озып шығып, бірінші орынға ие болды.

- Абайдың қара сөздерін түсіну қиын. Алғашқы оқыған бетте сіз мағынасын толық түсіне алмайсыз, себебі автор өз жұмысында әртүрлі халықтардың терминдерін қолданады. Байқауға филологтар мен дінтанушылар қатысты. Соңғылары қара сөздердің мағынасын жақсы аша алды. Абай шығармашылығы - бірнеше халық мәдениетінің жиынтығы, - деді Данияр Керембаев.