Сәтпаевта компьютерлік томография кабинеті ашылды

Сәтпаевта компьютерлік томография кабинеті ашылды

Сәтпаев қаласының орталық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті пайда болды.Құрылғы дәл диагноз қоюға және ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік томографты "Қазақмыс" корпорациясы сатып алды. КТ-зерттеулерді сәулелік диагностика мамандары жүргізеді. Олардың барлығы оқудан өтті және тиісті рұқсат құжаттары бар.

Кабинет 20 желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастайды. Қызмет ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін болады. КТ-дан Жезқазған және Ұлытау ауданының тұрғындары өте алады.

Жаңа кабинеттің ашылуының арқасында өңір бойынша пациенттерді тексеру және диагностикалау жүктемесі алынып тасталады.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша