Қарағанды облысында сайлау учаскелерін дайындау басталды

Қарағанды облысында сайлау учаскелерін дайындау басталды

Қарағанды облысының әкімдігінде электоралды кезең мәселелері талқыланды. Бұл уақытта учаскелерді материалдық-техникалық дайындау және сайлаушылар тізімін қалыптастыру жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда облыста 778 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығы интернетпен, байланыспен және басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі. Облыс азаматтарының тізімін қалыптастыру және әрқайсысының тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру жүргізілуде.

Алдағы сайлау коронавирустық инфекцияның Дүниежүзілік пандемиясының қиын жағдайында өтеді. Сондықтан санитарлық нормаларды сақтауға ерекше назар аударылатын болады. Дауыс беруге арналған орындар жеке қорғаныс құралдарымен, антисептиктермен, жанаспайтын термометрлермен жабдықталады. Сондай-ақ, облыс әкімі Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгинге COVID-19 таралуының алдын алу бойынша дауыс беру кезіндегі жұмыс алгоритмін бекітуді тапсырды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беру жағдайларына қатысты. 607 учаске пандустармен, кіру топтарымен және дауыс беруге арналған басқа да қажетті құралдарымен жабдықталады.

- Әкімдердің міндеті - әрбір сайлаушыға оның сайлау учаскесі бойынша ақпарат жеткізу. Тұрғын учаскеге келгенде, ол тізімде болмай қалу жағдайлары туындамауы тиіс, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, әркім осы мақсатта арнайы құрылған sailau09.kz сайтында өзін сайлаушылар тізімінен тексере алады. Егер мұны интернетте жасау мүмкін болмаса, Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығына қоңырау шалуға болады. Оператор өзінің ЖСН немесе жеке куәлігінің нөмірін жаздыруы қажет. Мұнда сізге сайлау учаскесінің қайда екендігі туралы айтылады.

- 20-шы желтоқсаннан бастап сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімі беріледі. Оларды мекенжайлар бойынша қалыптастыру қажет. Комиссия мүшелері учаскелердің шекаралары бойынша үйлерді салыстырып тексереді, шақырулар жазып, таратады, - деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Еркара Аймағамбетов.