
Жаңа жыл қарсаңында циркте "Планета ырғағы" атты әсерлі концерт өтеді. Көрермендерді диско дәуірінің музыкасы қуантады. Бағдарламада Adriano Celentano, C. C. Catch, ABBA, Dschinghis Khan және Modern Talking репертуарынан танымал композициялар орындалады.
Қарағандылықтарды джаз оркестрінің музыканттары, бірлестік солистері және DekarDi шоу-балеті өз өнерлерімен қуантады.
Концерттер 23 және 24 желтоқсанда сағат 18.30-да өтеді.
Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.
Залдағы көрермендер саны шектеулі - 50 адамнан аспайды.