
2020 жылдың 13 желтоқсанында Абай ауданында "Каzakhmys Еnergy " ЖШС Топар-ГРЭС-2-де қазандықтан бу құбырының жарылуы орын алды.
"Кazakhmys Еnergy " ЖШС ақпараты бойынша 1958 ж.т. ер адам қаза тапты, 3 адам зардап шекті: 1975 ж. т. әйел мен 1971 және 1980 ж. т. ер адамдар 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Болған оқиға Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта "Кazakhmys Еnergy " ЖШС күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі