Қарағандыда үшінші рет "Висла" поляк фильмдерінің фестивалі өтуде

Қарағандыда үшінші рет "Висла" поляк фильмдерінің фестивалі өтуде

Қарағандыда "Сарыжайлау" кинотеатрында поляк кинематографының таспалары көрсетіледі. Қарағандылықтарға кино сыйлықтарының мол топтамасын жинаған фильмдерді көруге мүмкіндік берілді.

- Қарағандыда "Висла" поляк фильмдерінің фестивалі үшінші рет өтуде. Фестиваль бағдарламасы жыл сайын ұлттық және халықаралық конкурстардың марапаттарына ие болған үздік картиналарды қамтиды. Өкінішке орай, биыл біз үлкен аудиторияны шақыра алмаймыз. Көрсетілім көрермендердің шектеулі саны үшін эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі, - деді Қарағанды облыстық "Полония" поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский.

Фестивальдің ашылуына Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич қатысты.

Ашылу күні көрермендер режиссер Ян Комастың 2020 жылғы Оскарға ұсынылған "Мәсіхтің денесі" поляк драмалық фильмін көрді.

"Висла" фестивалі көрерменге поляк кинематографын ашып қана қоймай, Польшамен - елдің тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, дейді ұйымдастырушылар. Биылғы жылы бағдарламаға поляк режиссерлерінің толықметражды картиналарынан басқа, Мунк студиясының қысқа метражды фильмдер топтамасы енді.

Фестивальдің жабылуында, 12 желтоқсанда екі картина ұсынылады. Көрермендерге Монреальдағы Халықаралық Балалар киносы фестивалінің жүлдесін жеңіп алған режиссер Яцек Блавуттың "Шоколад күні" отбасылық фильмі көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасын "Сверхнова" әлеуметтік драмасы аяқтайды (режиссері Бартош Крухлик) - үздік режиссура үшін Ұлттық сыйлықтың иегері және 2020 жылғы "Бүркіттер" поляк кинопремиясының номинанты.