Қарағанды облысында Тәуелсіздік күніне орай қандай мерекелік шаралар өтеді

Қарағанды облысында Тәуелсіздік күніне орай қандай мерекелік шаралар өтеді

Жиырма тоғыз жыл бұрын - 1991 жылғы 16 желтоқсанда - Қазақстан жаңа тарихын бастады. Бұл күні Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы заң қабылданды.

Бүкіл ел үшін басты мереке құрметіне Қарағанды өңірінің тұрғындары үшін көптеген әртүрлі іс-шаралар дайындалды. Олардың көпшілігі онлайн режимінде өтеді.

12 желтоқсан

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы сағат 15.00-де "Тарих шырғалаңынан тәуелсіздік шыңына» бейнепрезентациясын өткізеді.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында сағат 11.00-де «Тәуелсіз Қазақстан. Суретшінің көзқарасы» онлайн-айдары өтеді.

14 желтоқсан

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орыс тілінде «Қазақстан – біздің жүрегіміз. Тәуелсіздік – біздің тірегіміз» онлайн-сабағын әзірледі. Ол сағат 12.00-де өтеді.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында

сағат 11.00-де «Тәуелсіз Қазақстан. Суретшінің көзқарасы» онлайн-айдарын тамашалауға болады.

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының марапаттары» атты тарихи тәжірибеге шақырады.

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы сағат 11.00-де

«Тәуелсіздік тағылымы» бейнеролигі көрсетіледі.

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы сағат 10.00-де «Тәуелсіз Қазақстан: тұрақтылық пен өркендеу курсы» атты интерактивті экскурсия өткізеді.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында сағат 12.00-де «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тарихқа шому экскурсиясы өтеді.

15 желтоқсан

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы сағат 11.00-де «Тәуелсіз Қазақстан. Суретшінің көзқарасы» онлайн-айдарын ұсынады.

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы сағат 11.00-де

«Тәуелсіздік - елімнің тірегі!» атты мерекелік шарасын өткізеді.

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры сағат 14.00-де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған бейнепроектпен таныстырады.

Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы сағат 11.00-де «Тәуелсіздік кезеңдері» бейне көрмесін көрсетеді.

Ж. Бектұров тындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы

12.00-де Облыстық «Бота-Эрудит» интеллектуалды шоуының парақшалары бойынша «Елдіктің ерендігі – Егемен» видеохроникасын көрсетеді.

Кітапханада «Тәуелсіздік күні-бостандық күні» онлайн оқу сағат 15.00-де өтеді.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 14.00-де «Мен – тәуелсіз елдің ұланымын» көрме-күнтізбесін ұйымдастырады.

Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тактильді кітаптарына шолу жасайды.

16 желтоқсан

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында 18.30-да «Қыран қазақ» спектаклі көрсетіледі.

К. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры сағат 17.00-де «Біл, ұрпақ, Мен саған жол салдым!» атты қойылымына шақырады.

Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінде («Шалқыма» к/з)

сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы сағат 16.00-де

«Тәуелсіздік тарихы - елдіктің тарихы» атты қазақ тіліндегі бейнесабақ өткізеді.

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы сағат 11.00-де

«Табыстың 29 жылы» флешмобын ұйымдастырады.

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы сағат 11.00-де «Тәуелсіздігім - тәңірімнің тартуы» атты әдеби-музыкалық бейнеролик көрсетеді.

Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы сағат 11.00-де «Тәуелсіз Менің Қазақстаным, гүлдене бер!» бейнепрезентациясын ұсынады.

Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында

сағат 11.00-де «Өлкетану жаңа кітаптар топтамасы» бейне шолуы өтеді.

Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы арнайы жоба дайындады. Сағат 11.00-де «Асыл арман ақиқат күнмен жалғасқан» бейнеэнциклопедиясының беттерін парақтауға болады.

Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында сағат 14.00-де «Тәуелсіздік туы астында» кітап көрмесіне шолу жасалады.

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры сағат 16.00-де «Мен – қазақпын» атты поэзия сағатын өткізеді. Ж. Молдағалиев.

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы сағат 15.00-де «Білгенге маржан» виртуалды викторинасына шақырады.

17 желтоқсан

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында 17.00-де «Фариза мен Мұқағали» спектаклі көрсетіледі.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы сағат 14.00-де

«Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы» атты орыс тілінде бейнесабақ өткізеді.

Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы сағат 11.00-де

«Тәуелсіздік нұрландырған жылдар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сағат 12.00-де «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» кітап көрмесіне шақырады.

18 желтоқсан

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры сағат 17.00-де «Махаббат қызық мол жылдар» спектаклін көрсетеді.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы

сағат 15.00-де «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі: Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы» атты бейнепрезентацияға шақырады.

19 желтоқсан

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында 17.00-де «Шойынқатын» қойылымы өтеді.

Сағат 15.00-де және 17.00-де Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді.