
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан суретшілер көзімен» атты мұражай қорынан көрме ашылды. Экспозиция қазақстандық және қарағандылық суретшілердің жұмыстарынан тұрады.
- Көрмеге біз үш бөлімнен тұратын онлайн-айдар дайындадық: біріншісі - Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы; екіншісі - Қазақ хандығы; үшіншісі - тәуелсіз Қазақстанның өнері. Сондай-ақ, мектептер мен басқа да мекемелердің сұрауы бойынша біз онлайн-экскурсиялар өткізіп, ZOOM платформасында онлайн-айдарлар ашамыз, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Мұражай парақшаларында онлайн-экскурсияларға барып, онлайн-айдарлармен танысуға болады:
- Facebook-топ «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы»;
- «ВКонтакте» - «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы»;
- Instagram – @karaganda_muzei_izo;
- Телеграм: - ИЗОМузей
Сондай-ақ muz-kar-izo.kz/ru сайтында.
Мұражайдың Youtube-арнасында сілтеме бойынша: https://www.youtube.com/channel/UCRmgMV54GHIcfgmfWkk5-Aw/.
«Тәуелсіз Қазақстан суретшілер көзімен» көрмесі жыл соңына дейін жалғасады.