Балқашта оныншы муралды салу жұмыстары аяқталуда

Балқашта оныншы муралды салу жұмыстары аяқталуда

Суретшілер оныншы муралды Балқаш қаласының 10-шағын ауданындағы 1а үйінің қасбетіне салуда. Оның тақырыбы - балқыту саласының еңбеккерлері. Себебі Балқаш металлургтері - бұл мамандыққа адалдықтың үлгісі.

Жақында суретшілер "Балқаш - жастар қаласы" атты муралды салу жұмысын аяқтады. Арт-нысан 10-шағын аудандағы №19 үйде пайда болды. Қасбетке салынған сурет Қазақстанның білімді, еңбекқор және мақсатқа ұмтылған жастарын бейнелейді.

Сейфуллин көшесіндегі жаңа үйдің қабырғасы да ерекше суретпен безендірілген. Мұнда басты тақырып отбасы болды. Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Жақында бес қабатты ғимаратта 30 көп балалы отбасы қоныстанды.

Саябаққа қарама-қарсы үйдегі қаланы көгалдандыруға арналған мурал балқаштықтардың көптеген сын-пікірлерін тудырды. Суретшілер суретті қайта салуға мәжбүр болды. Енді суғарғыш ұстаған қызға қарама қарсы ұлдың бецнесі салынған. Ол көшеттің жанында тұр. Бұл туындыға "Табиғатты сақта!" деген атау берілді.