Қарағанды индустриялық университетінде құзыреттер орталығы ашылды

Қарағанды индустриялық университетінде құзыреттер орталығы ашылды

Қарағанды индустриялық университетінде студенттер үшін құзыреттілік орталығы құрылды және коворкинг-орталық жабдықталды. Жаңа нысандар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылды.

«Цифрлық технологиялар» құзыреттілік орталығы Қазақстандық Инфокоммуникация Академиясының қолдауымен пайда болды. Университеттің студенттері мен магистранттары өндіріске арналған инновациялық технологияларды әзірлеуге қатыса алады. ЖОО-да орталық қызметінде пайдаланылатын CISCO желілік академиясының бағдарламасы енгізілді.

Коворкинг-орталық бастамашыл жастардың жиналатын орнына айналады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, университетте оқу-зертханалық корпуста Елбасының ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған сыйы болып табылатын естелік тақтайша ашылды. Жоғары оқу орны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары білім алғанын мақтан тұтады. Студенттер Nazarbayev Hall-ды безендірді, онда 60-70 жылдардағы мұрағаттық фотосуреттер ұсынылған.