
«Кукландия» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі екінші рет өтеді. Шараны ұйымдастырушы – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Бразилия және Украина театрлары қатысуда. Ең жарқын спектакльдерін Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Сургут, Липецк, Тверь, Ростов-на-Дону, Тюмень, Киев, Сан-Паулу, Қарағанды, Петропавл және Ақтөбе қалаларының театрлары көрсетеді.
Фестиваль 11-13 желтоқсан аралығында онлайн режимде өтеді. Қойылымдар 0-ден 8 жасқа дейінгі балаларға қызықты болады деп күтілуде.
Он екінші желтоқсанда «Четыре руки» театрының көркемдік жетекшісі Анна Бесчастнованың қуыршақпен айналысу бойынша шеберлік сабағы өтеді. Анна Бесчастнова – Ресейдегі ересектерге арналған «Театр кукол «Молоко» жалғыз қуыршақшылар мектебінің режиссері және негізін қалаушы.
Фестиваль қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтеді, ал жеңімпаздар 21 желтоқсанда анықталады.