Балқаштағы «Үлкен Жүрек» оңалту орталығында ерекше сабақ өтті

Балқаштағы «Үлкен Жүрек» оңалту орталығында ерекше сабақ өтті

Балқаштың «Үлкен Жүрек» қалалық қоғамдық орталығында канистерапия өткізілді. Балалар «Адам және үй жануарлары» тәлімбағындағы Тихон атты үшікпен кездесті. Орталыққа келген жануар қонақ – «ерекше». Оның алдыңғы аяғы жоқ.

Бір ай бұрын белгісіз адамдар күшіктің аяғын кесіп, оны кіреберіске тастап кеткен. Күшікті еріктілер өздеріне алып, жануар пана тапты. Аяғының болмауы Тихонның белсенді және ойнақы болуына кедергі келтірмейді.

Медициналық кинология әлемде бұрыннан белгілі. Бұл әдіс балалардың ақыл-ой және эмоционалды қабілеттерін жақсартады, әлеуметтік дағдылар мен сөйлеуді жетілдіруге көмектеседі.

- Бізде канистерапия алғаш рет өткізілді. Біз мүгедек балалармен жұмыс жасайтындықтан, күшік оларға сауығуға үміт беріп, олардың толыққанды өмір сүруге құқығы бар екенін көрсете алады, - дейді кәсіби терапевт Дмитрий Шульга.

«Үлкен Жүрек» қалалық қоғамдық орталығында түрлі саладағы алты маман жұмыс істейді. Сабаққа күніне 20-ға жуық ерекше бала қатысады. Болашақта канистерапия сабақтарын тұрақты өткізу жоспарлануда.