
«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында әл-Фараби атындағы ғылыми байқау өткізді. Зияткерлік жарыс ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды.
Ғылыми байқау онлайн-режимде жеті секция бойынша өткізілді: физика, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, информатика, биология, химия және қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары көш бастап тұр.
Қарағанды өңірінен байқауға 14 оқушы қатысты. І дәрежелі дипломды 11 сынып оқушылары Жамбыл ММИ оқушысы Айару Аждарова мен «Дарын» ММИ оқушысы Аяжан Қажымұрат алды. Қарағанды облысының тағы тоғыз оқушысы ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.