«Жеке менеджер»: Азаматтарға арналған үкіметте заңды тұлғаларға арналған жаңа жоба іске қосылды

«Жеке менеджер»: Азаматтарға арналған үкіметте заңды тұлғаларға арналған жаңа жоба іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Дербес менеджер» пилоттық сервисін іске қосты. Жеке менеджердің сервисін ірі бизнес, екінші деңгейлі банктер, құрылыс компаниялары және т.б. өкілдері пайдалана алады. Жеке менеджер олардың кеңсесіне барып, барлығын өзі жасайды, ұйымға тек түпкілікті нәтиже береді. Қызмет бекітілген баға прейскуранты бойынша шарт жасасу арқылы көрсетіледі.

- Жеке менеджер - бұл клиентке жеке қызмет көрсету, клиенттің міндеттерін шешудің тиімді құралдарын, тиімді және стратегиялық дұрыс жолдарын табу міндеті бар маман. Ол компания мемлекеттік қызметтерді алуға аз уақыт жұмсауы үшін дұрыс тайм-менеджментті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, «Жеке менеджер» сервисін енгізу ХҚКО-ға түсетін жүктемені азайтады және Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге бөлетін уақытын арттырады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрайымы Әсемгүл Балташева.

Бұл қазақстандықтардың Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын үнемдейтін жалғыз ғана сервис емес. Осы жылдың қазан айынан бастап egov.kz порталында автокөлікті онлайн қайта тіркеген автоәуесқойлар, үйге жеткізу арқылы автокөлік нөмірлік белгілері мен техпаспорттарға тапсырыс бере алады.

Келесі жылы үйге төлқұжат, жеке куәлік және туу туралы куәлік сияқты құжаттарды жеткізу жоспарлануда.

gov4c.kz