Қарағандылық спортшылар UWW грепплингтен ересектер арасындағы ҚР чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Қарағандылық спортшылар UWW грепплингтен ересектер арасындағы ҚР чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Қостанайда ересектер арасында UWW грепплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 17 құрама қатысты.

- Медаль үшін тартыс өте қызу өтті, - деп атап өтті Қарағанды облысы UWW грепплинг федерациясының басшысы Вадим Брамонтов. - Көптен жарыстар өткізілді. Жігіттер шайқасқа ұмтылып тұрды. Қарсыластар да өте мықты болды. Айтпақшы, чемпионатқа қатысушылардың орташа жасы – 23-24 жас. Қарағандылықтар алты медальға ие болды: алтын, үш күміс және екі қола. Енді финалистер мен жүлдегерлер оқу-жаттығу жиынынан өтуі керек. Ал келесі жылы құрама сапында Әлем және Азия чемпионатына қатысамыз деп үміттенеміз.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері:

Арман Серікұлы - бірінші орын;

Айбар Оразылы - екі екінші орын (GI және NOGI бөлімдері);

Олжас Нұртақанов - екінші орын;

Нұржан Баймағамбетов - үшінші орын;

Арұлан Құрманалиев - үшінші орын.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша