
Қарағанды индустриялық университетінде "Білім беру кеңістігінің архитектурасы: трендтер мен сын-тегеуріндер" атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Биыл іс-шара онлайн форматта өткізілді. Конференцияға қашықтықтан Қазақстан, Ресей, Украина және Қырғызстанның педагогтары, ғалымдар мен мамандары қатысты.
Бағдарламаға заманауи білім беру жүйесі бойынша 100-ге жуық баяндама енгізілді. Баяндамалар сериясы саланы цифрландыру мен трансформациялауға, кәсіпкерлік білім беруді дамытуға арналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аспектілері туралы SANALY URPAQ республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев айтып берді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Алтынбеков "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша баяндама жасады.
Биыл қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мерекеленетінін ескере отырып, оның шығармашылығына жеке блок арналды.
Конференцияда жаңа білім беру технологияларына үлкен көңіл бөлінді. Қарағанды индустриалды университетінің оқытушысы Татьяна Сучилина "Құрылыс" бағыты бойынша заманауи бейне зертхананың авторлық әзірлемесін ұсынды. Отандық және шетелдік мамандар металлургияның цифрлық болашағы туралы айтты.
Конференция қатысушылары Білім берудегі басты бағыт еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыру болып табылады деп атап өтті.