Балқашта заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда

Балқашта заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда

Балқашты тазарту жұмыстары қыркүйек айында «Қазақстан Ғарыш Сапары» бағдарламасы бойынша басталды. 3 айдың ішінде 70-ке жуық рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды.

Проблемалық аймақтар GPS жүйесінің көмегімен анықталады.

- Бұл экология департаменті мен Балқаш қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы. Белгілі бір координаттар бойынша біз қоқысты жинаймыз, оны полигонға шығарамыз, онда бұл қоқыс кәдеге жаратылады, - деді мердігер ұйымның директоры Марат Битүсіпов.

Бір аптаның ішінде Балқаш станциясы мен Техснаб кентінің рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен 8 мың текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, Шұбар-Түбек және Тораңғалық кенттері қоқыс шоғырларынан тазартылды. Бұл нүктелер тізімі осымен шектелмейді.