
"Сарыарқа адалдық алаңы" жобасы аясында Қаражалда "Ореn әкімдік" жұмыс істей бастады. Сервис орталығының жұмысы бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Енді қаражалдықтар үшін мемлекеттік қызметтерді алу жедел әрі барынша жеңілдетілген болады. "Ореn әкімдік" қоғамдық қабылдау форматында жұмыс істейді. Енді "Бір терезе" қағидаты бойынша қызметтің әртүрлі салаларындағы бірнеше мәселені бірден шешуге болады.
"Ашық әкімдікте" тұрғын үй, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет көрсететін мамандар бар. Осы қызмет арқылы белгілі бір күндері әкімге де жеке жүгінуге болады. Ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар. Ол еGov порталының көмегімен ЭЦҚ немесе басқа да анықтамаларды алу қажет адамдарға арналған.
- "Ореn әкімдік" "Сарыарқа адалдық алаңы" құрауыштарының бірі болып табылады. Мұнда кіру кедергісіз. Тұрғындар әлеуметтік мәселелер бойынша жиі хабарласады, мемлекеттік органдардың мамандары сол жерде оларға көмек көрсетеді, - дейді Қаражал әкімдігінің аппарат басшысы Диана Оспанбекова.