Жезқазғанда еріктілер марапатталды

Жезқазғанда еріктілер марапатталды

Бесінші желтоқсанда тойланатын Халықаралық еріктілер күні қарсаңында Жезқазған еріктілері ерекше түрде атап өтілді. Олардың барлығы арнайы шығарылған "Алтын жүрек" медальдарымен және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін марапаттарды тапсыру рәсімі екі кезеңде өтті. Алғашқы ондықты Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров құттықтады. Ол коронавируспен күрес біздің халқымыздың ерекшеліктерін айқын көрсеткенін атап өтті: өзара көмек, жанашырлық, бұрын-соңды болмаған қиындыққа қарсы тұруға дайын болу.

"Алдыңғы қатарда" тұрғандардың қатарында жеке кәсіпкерлер Бауыржан Мұқашев, Бауыржан Нысанбаев, Ерғазы Көрпеқұлов және Ботажан Достанбекова, сондай-ақ түрлі сала өкілдері болды.

Марапаттаудың екінші кезеңі "Бірлік" еріктілер клубының кеңсесінде өтті. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова еріктілерді мерекемен құттықтап, үлкен және мейірімді жүректері бар жанашыр жандарға алғысын білдірді.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еріктілік - бұл жай ғана тегін жұмыс емес, бұл - азаматтардың жауапкершілігінің көрсеткіші және әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын болу. Еріктілік - мықты және бірегей адамдардың ісі емес, ол бір нәрсені өзгерткісі, түсінгісі, көргісі және көмектескісі келетіндердің барлығына арналған іс, - деді Жезқазғанның жастар ресурстық орталығының жетекшісі Саят Балмағанбетов.