Қарағандыда Сүттібай Қосан туралы кітап таныстырылды

Қарағандыда Сүттібай Қосан туралы кітап таныстырылды

Қарағанды орталық мешітінде "Су төгілмес Сүттібай" кітабы таныстырылды. Ол Темірші болысының биі Сүттібай Қосан туралы әңгімелейді. Ол XIX ғасырдағы тарихи тұлғалардың жарқын саңлақтары өкілдерінің бірі.

Оның өмірі туралы жазба деректер аз. Сол кезде Қарқаралы ауданында 24 болыстың болғаны белгілі, олар тығыз әкімшілік байланыста болған. Мұрағат жазбаларына сай Сүттібай би болыс шекарасын бекітуге белсене қатысқан.

Кітап авторы - бидің ұрпағы Құсухан Қабыханов. Ол мемлекеттік мұрағаттан құнды құжаттарды тауып, Сүттібай Қосановтың бейнесін қайта жаңғыртты.

- 1880 жылдары үлкен маңызы бар құжаттар табылды. Мұндай кітап ең алдымен жас ұрпаққа қажет. XIX ғасырдың тарихы қазір ұмытылып жатыр. Сонымен қатар, егер біз латын әліпбиіне көшетін болсақ, онда кайдым қарпімен жазылғандар оқылмайтын болып қалады, - деп атап өтті Қазақстан Жазушылар Одағы ҚОФ төрағасы Серік Сағынтай.

Биыл Сүттібай Қосановтың қабірі қалпына келтіріліп, мемлекет қорғауына алынды.