Қарағанды НЗМ-де жетінші сыныпта оқу үшін конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау басталды

Қарағанды НЗМ-де жетінші сыныпта оқу үшін конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау басталды

Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. НЗМ 2021-2022 жылдары жетінші сыныптарда оқу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын беру бойынша конкурс жариялайды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау үшін ата-аналарға конкурстық іріктеуге құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күні мен уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін онлайн-брондау сервисі құрылды.

НЗМ-ге оқуға түскісі келетін алтыншы сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 23 қаңтарға дейін мектептің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

Байқау және онлайн-брондау сервисі туралы толық ақпаратты krg.nis.edu.kz/kk мектеп сайтынан "үміткерлерге" бөлімінде алуға болады.

Қабылдау комиссиясының телефоны: (8-7212) 55-88-80.