
«Фильм! Фильм! Фильм!» балалар шағырмашылығының фестивалі 2013 жылдан бастап «Сарыжайлау» кинотеатрының бастамасымен өткізіліп келеді. Биыл ол облыстық мәртебеге ие болды. Және де алғаш рет онлайн форматта өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба кинематографияны кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа патриоттық және рухани тәрбие беру және балаларды белсенді өзін-өзі көрсетуге тарту мақсатында ұйымдастырылған.
- Біздің фестиваль биыл облыстық деңгейде өтті. Оған Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск, Сәтпаев қалаларынан және Бұқар жырау мен Осакаров аудандарынан 200-ге жуық бала қатысты. Абай жылы ескеріліп, тақырып өте қызықты болды. Біздің фестиваль көпжанрлы. Мұнда балалар ән айту, мәнерлеп оқу, бейнелеу өнері және аспаптық музыка сияқты өнер түрлерінен қатысады, - дейді Рымбала Омарбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сарыжайлау» кинотеатрының жетекшісі, қазылар алқасының төрайымы.
Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.