
Қарағандының саябақтары мен гүлзарларында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Саябақтар басқармасының мамандары аумақтарды күн сайын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жедел түзетуде.

Орындықтар жөнделіп, жуылып, сырлануда. Мамандар балалар және спорт алаңдарвн ретке келтіріп, ағаштардың қураған бұтақтарын кесіп жатыр. Сондай-ақ абаттандыру нысандарының зақымданған элементтері қалпына келтіріліп жатыр.

Жұмыстар күн сайын жүргізіледі. Мамандар саябақтар мен гүлзарларды аралап, нысандардың жай-күйін бағалайды және қай жерде жөндеу немесе қосымша күтім қажет екенін анықтайды.

Қарағанды тұрғындарынан да анықталған кемшіліктер туралы хабарлауын сұрайды. Егер сынған орындықты, балалар немесе спорт алаңындағы бүлінген жабдықты не басқа да ақауларды байқасаңыз, бұл туралы Instagram-дағы park.vkrg парақшасының жеке хабарламаларна жазуға болады.

Хабарламада нақты орналасқан жерін көрсетіп, фотосуретін қоса жіберген жөн. Бұл мамандарға нысанды тезірек анықтап, тиісті шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Қарағанды қаласының саябақтар мен мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының ақпараты бойынша