
Қарағандыда үйлерге судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін 98 сорғы станциясы жұмыс істейді. Олар желідегі су қысымын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді, ал жабдықтардың ақаусыз жұмысын арнайы мамандар қадағалайды.

«Қарағанды Су» компаниясында бұл жұмысты бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (КИПиА) бөлімі атқарады.

Бөлім мамандары сорғы станцияларында жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізеді. Олар сорғыларды басқару шкафтарының, қысым датчиктерінің және автоматтандырылған жүйелердің жұмысын тексереді.

— Біздің міндетіміз – ақауларды дер кезінде анықтап, оларды апатты жағдайға немесе тұрғын үйлерге су берудің үзілуіне әкелмей тұрып жою. Сондықтан жабдықтардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстаймыз, — деді БӨАжА бөлімінің жетекші инженері Нұрдәулет Матнияз.

Жүйенің жұмысы біртұтас механизм қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Датчиктер желідегі қысымды бақыласа, автоматика оның өзгерістерін қадағалап, жабдыққа тиісті командалар береді. Ал сорғылар қажетті режимге қосылып, жұмыс істейді. БӨАжА мамандары осы тізбектің әрбір буынының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қаланың инженерлік жүйесіндегі маңызды нысандардың бірі – кәріздік сорғы станциялары. Қарағандыда олардың саны 13-ке жетеді. Олар ағынды суларды бұруды қамтамасыз етеді және тұрақты бақылау мен техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді.
Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше