
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов тағайындалды. Жаңа басшыны департаменттің жеке құрамына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев таныстырды.
Қарағанды облысы ТЖД-ның бұрынғы бастығы Марғұлан Аманбаев Астанаға қызмет ауыстырды. Ол ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік өрт бақылауы және қадағалау, сондай-ақ өртке қарсы қызмет салаларында түрлі лауазымдарды атқарды. Степногорск қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді.
2022 жылғы шілдеден бастап осы тағайындауға дейін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше