
Қызылқайың ауылдық округінің бүлдіршіндері үшін ойын ойнап, бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылданатын жаңа орын пайда болды. Мұнда балалар ойын алаңы ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталды.

Алаңда спорттық кешен, төрт орындық карусель, әткеншектер мен балалар сырғанағы орнатылған. Сондай-ақ табиғи құм төселген құмсалғыш қарастырылған. Алаң маңына орындықтар қойылып, қоқыс жәшігі орнатылды.

Жабдықтарды орнатпас бұрын аумақ тегістеліп, қиыршық тас төселді. Алаңның беті жасанды көгалмен жабылып, периметрі бетон негізге орнатылған жиектастармен көмкерілді. Сонымен қатар аумақ қоршалды.
Енді ауылдың жас тұрғындарының таза ауада ойнап, спортпен айналысып, қатарластарымен араласуына мүмкіндік беретін өздеріне арналған жайлы әрі қауіпсіз орны бар.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің мәліметінше