Қарағандыда қысқа дайындық үшін 55 мың тонна құм-тұз қоспасы әзірленеді

Қарағандыда қысқа дайындық үшін 55 мың тонна құм-тұз қоспасы әзірленеді

Қарағандыда коммуналдық қызметтер қар жауып, көктайғақ болған кезде жолдарға себілетін құм-тұз қоспасын дайындауда. Қазірдің өзінде қаланың екі ауданында шамамен 35 мың тонна қоспа әзірленді.

Тұрақты суық ауа райы басталғанға дейін шамамен 55 мың тонна қоспа жинақтау жоспарланып отыр.

Араластыру алдында құм ірі тастар мен қоқыстардан тазарту үшін електен өткізіледі. Содан кейін оған тұз қосылып, мұқият араластырылады.

Қар жауып, көктайғақ болған кезде ең алдымен жолдың қауіпті учаскелері: жолайрықтар, өрлер мен еңістер, тік бұрылыстар, қиылыстар, жаяу жүргіншілер өткелдері және қоғамдық көлік аялдамалары өңделеді.

Қажетті көктайғаққа қарсы материалдардың барлық қоры тұрақты суық ауа райы басталғанға дейін дайындалады деп жоспарланып отыр.

Қарағанды әкімдігінің мәліметінше