Қарағандылықтар Абылайхан Жүсіпов пен Милан Сафронова Қазақстан чемпиондары атанды

Қарағандылықтар Абылайхан Жүсіпов пен Милан Сафронова Қазақстан чемпиондары атанды

Қарағандылық спортшылар бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық біріншілікте жеті медаль жеңіп алды. Абылайхан Жүсіпов пен Милан Сафронова чемпион атанды.

Күміс жүлдегерлер - Айжан Ходжабекова мен Виолетта Князева. Жасмин Қизатова, Талғат Сырымбетов және Василий Самчук қола жүлдені жеңіп алды.

Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Қазақстан чемпионатының қорытындысын шығарды:

- Нәтижелерді оң бағалаймын, себебі спортшылар тоғыз ай бойы өнер көрсетпеді, балалар өте жақсы формада болды. Енді Олимпиада ойындарына назар аударамыз. Әрі қарай жиындар мен жарыстарға қатысу арқылы жоспар бойынша жұмыс істейміз. Құраманың жаңа құрамына олимпиадалық салмақ дәрежесіндегі ел чемпионатының барлық жүлдегерлері кіреді. Ал олимпиадалық емес салмақта - 49 және 60 келіге дейінгі салмақта - құрамаға бірінші және екінші орындарды иеленген боксшылар кіреді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша