
Тұңғыш Президент күніне орай Абай ауданында қайырымдылық акциясы өткізілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік сатып алуға сыйлық сертификаттары берілді. Үш ай ішінде Абай ауданының 30 тұрғыны өздеріне 20 мың теңгеге азық-түлік сатып ала алады.
Сертификат иелерінің бірі - Наталья Карепанова. Әйел алты бала тәрбиелеп отыр. Пандемия кезінде осындай акция өткізу жақсы іс деп санайды ол. Дүкенге көпбалалы ана бүлдіршіндерімен бірге келіп, тәттілер сатып алуды жоспарлап отыр.
Акцияның ұйымдастырушылары - «Строймарт» дүкендер желісінің басшылығы және «Абай Сити» сауда-ойын-сауық орталығының құрылтайшылары. Тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерін осы СОО-ның жаңа супермаркетінен сатып ала алады.
- Біздің бизнес әлеуметтік және мемлекеттік жобаларға қатысу үшін әрдайым ашық. Бүгінгі акция - игі іс жасап, аудан тұрғындарын үлкен мерекемен құттықтауға мүмкіндік береді, - деді «Строймарт» дүкендер желісінің директоры Бейбіт Досжанов.