Балқашта Billionaire жастар клубы ашылды

Балқашта Billionaire жастар клубы ашылды

Балхаштық Billionaire клубы жастарға шығармашылық және кәсіби тұрғыда көмек көрсетуге бағытталған. Оған кәсіпкерлік қызметпен айналысуды жоспарлаған оқушылар мен студенттер қатыса алады. Орталықтың ашылуы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауының арқасында мүмкін болды. Жобаға грант бөлінді.

16-29 жас аралығындағы жастар тәжірибе алмасып қана қоймай, бизнес құру және жеке тұлғаны дамыту бойынша дәрістер мен тренингтер түрінде ақпарат алады. Мұнда олар аудио және бейнелерді жасауға көмектеседі. Бонус ретінде – ағылшын тілі үйретіледі.

Клубтың он жеті жасар кураторы Арман Дуанбеков офлайн қатысушыларға кеңес береді. Ол күн сайын өзінің Instagram парақшасында бизнес құру туралы тәжірибесімен бөліседі. Студент кезінде Арман өз ісін қалай ашып, табыс таба бастауды меңгерген.

- Осындай клуб пайда болғаны жақсы. Мұнда біз тәжірибе және біліммен бөлісе аламыз. Белгілі кәсіпкерлер, жақсы спикерлерді міндетті түрде шақыратын боламыз, - дейді Арман Дуанбеков.

Жастар клубын құру идеясы Оралхан Барланға тиесілі.

- Осындай орталық құруды мен бір жыл бұрын шештім. Идея Балқашта жастардың өз бизнес-дағдыларын дамытып, пікірлестерін таба алатын орын болмағандықтан туындады. Қазір біз белсенді жастарды жинау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Клуб мүшелері бір-бірімен тәжірибе алмасып, танымал кәсіпкерлермен өзара әрекеттесе алады, - деді Billionaire клубының директоры Оралхан Барлан.

Billionaire жастар клубы күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 8 үй, 19 пәтер мекенжайы бойынша жұмыс істейді.