
Қарағанды облысының кеншілері пандемияға байланысты қиындықтарға қарамастан, жылдық тапсырманы мерзімінен бұрын орындай алды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінде В.И. Ленин атындағы шахта өндіру бойынша бизнес-жоспарды бірінші болып орындады.
Кәсіпорын 1 млн 450 мың тонна көмір өндірді. Өндірістік нәтижені аяқтау үшін қажетті көлемге қол жеткізген бригаданы салтанатты жағдайда жер бетінде қарсы алды.
- Бұл, әрине, бүкіл ұжымның жұмысы. Ай сайын, жыл бойы шахта жоспарды орындайды және тұрақты жұмыс істеп келеді. Қарқынның төмендемеуін тілеймін, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өндіріс жөніндегі директоры Сергей Огай.
Осы жылы Ленин атындағы шахтада біраз уақыт «Абай» кеніштері жұмыс істеді. Қазір олар өз кәсіпорнына оралды.
- Барлық қиындықтарға қарамастан, біз өндіру бойынша жылдық бизнес-жоспарды мерзімінен бұрын орындай алдық. Жыл бойы бізде екі лава жұмыс істеді. Өндірістік тапсырманы орындауда кәсіпорынның барлық учаскелері еңбек етті, - деп атап өтті В.И. Ленин атындағы шахтаның өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Жақсыбай Бейсембаев.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша