
«Шахтинск» шахтасында маңызды өндірістік көрсеткішке қол жеткізілді — миллион тонна көмір өндірілді. Бұл меже белгіленген мерзімнен бұрын орындалды.

Миллионыншы тонна ұзындығы 270 метр болатын 16-1 Д2 жұмыс істеп тұрған лавасынан өндірілді. Нәтижеге №1 учаскенің кеншілері елеулі үлес қосты. Мұнда тазарту кенжарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін 100-ге жуық маман еңбек етеді.
Жыл соңына дейін шахта ұжымы бизнес-жоспарды орындап, көмір өндіру көлемін 1 млн 480 мың тоннаға жеткізуі тиіс.

Өндірістің жоғары қарқынын сақтауға жабдықтарды жаңарту да мүмкіндік беріп отыр. Биыл «Шахтинск» шахтасына жаңа FS-400 тазарту комбайны жеткізілді. Ол өндіру жұмыстарының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Qarmet» компаниясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша