Балқашта тағы бір әлеуметтік павильон ашылды

Балқашта тағы бір әлеуметтік павильон ашылды

Тұңғыш Президент күні, 1 желтоқсанда Балқашта тағы бір әлеуметтік павильон өз жұмысын бастады. Ондағы негізгі өнімдер қарапайым дүкендермен салыстырғанда 10-15% арзан.

Павильонға сенімгерлік басқару конкурсы жргізілгенде, жергілікті кәсіпкер Лиана Темірова оны жеңіп алды. Басты шарт – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке төмен баға қою. Ол үшін тауар Қарағандыдан, сондай-ақ ӘКК-нің тауар интервенциясы есебінен сатып алынады. Бұл үшін көлік те қарастырылған.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа сауда нүктесінде болып қайтты.

- Біз сіздермен бірге үлкен іс атқарамыз. Қала тұрғындарының көңіл-күйі сіздердің әлеуметтік жауапкершіліктеріңізге байланысты. Сізге сәттілік пен жақсы табыс тілеймін! - деді Балқаштың әкімі Ораз Тәуірбеков.

Лиана Темірова үшін әлеуметтік дүкенді іске қосу алғашқы тәжірибе. Кәсіпкерді оның орналасқан жері қызықтырды - дкен 10-шы шағын ауданда орналасқан. Мұнда бір ғана дүкен жұмыс істейді, жақын маңда тас жол, жақын арада кезекте тұрғандарға арналған екі жаңа үй пайдалануға беріледі. Оған қоса, 2021 жылы ЖТҚ үшін 320 учаске берілуі тиіс.

- Біз бұрын да дүкендермен жұмыс істедік, ал мұнда 19 позиция бойынша төмен бағаны ұстап тұру қажет, соған баса назар аудардық. Бұл зор еңбекті талап етеді, себебі тиісті бағалары бар жеткізушілерді іздеу қажет болады. Қазірдің өзінде біз бұл ісіміз оңай емес екенін сезіп отырмыз, - дейді сауда нүктесінің иесі.

Балқашта бұл үшінші әлеуметтік павильон. Қалада барлығы 15 сауда нүктесі бар. Олардың барлығы әкімдікпен бірінші қажеттіліктегі өнімдердің 19 түрінің бағасын реттеу туралы меморандум бойынша жұмыс істейді. Бұл жұмыртқа, қант, макарон, тұз, күнбағыс майы және т. б. Қала әкімінің айтуынша, әлеуметтік павильондар желісін кеңейту жұмыстары жалғасатын болады.