Қазақстан Халық Кеңесіне қарағандылықтардан кімдер енді

Қазақстан Халық Кеңесіне қарағандылықтардан кімдер енді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Оның құрамына 126 адам — қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің басшылары, ғалымдар, бизнес, білім беру және спорт салаларының өкілдері енді. Олардың қатарында қарағандылықтар да бар.

Қазақстан Халық Кеңесінде Қарағанды облысының атынан 7 адам өкілдік етеді:

1. Бекзат Алтынбеков — Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы.

2. Гаухар Акижанова — Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі.

3. Увайс Джанаев — «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы.

4. Әйгерім Исбекова — «Кәусар» оқушылар сарайының директоры.

5. Александр Куприенко — Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

6. Виталий Тварионас — «Lituanica» этномәдени бірлестігінің төрағасы.

7. Виталий Хмелевский — «Қазақстандағы поляктар одағы» этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Сонымен қатар Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына «Qarmet» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі *Андрей Лаврентьев те енді.

Қазақстан Халық Кеңесінің толық құрамымен мына жерден танысуға болады akorda.kz.

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы 23–24 қыркүйекте Астанада өтеді.