
5 желтоқсанда "Шалқыма" концерт залында қазақстандық композиторлардың шығармаларына арналған кеш өтеді. Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Е. Рахмадиев атындағы Симфониялық оркестрі дәстүрлі желтоқсан концертіне шақырады.
Қазақстандық композиторлардың шығармалары оркестр репертуарында ерекше орын алады. Музыканттардың әр қойылымында міндетті түрде отандық классиктердің шығармалары орындалады. Концертке музыка авторлары қатысады.
Бағдарламада Х.Сетековтың "Ман Хаят", В. Стригоцкийдің "Миниатюралар топтамасы", Т. Жармұхаметтің "Қара жорға", А. Қазақбаевтың "Ашаның алты салы", М. Сүтішевтің сюитасы, С. Тұяқованың "Құмыра биі", А. Әбдінұровтың "Фольк online", Б. Қыдырбектің "Ходжалы құрбаны", С. Әбдінұровтың "Керей-Жәнібек" шығармалары орындалады.
Кештің дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.
Жүргізуші - Людмила Гольская.
Концерт 5 желтоқсанда сағат 17.00-де өтеді.
Билеттерді сату: 41-13-14 (касса), 41-22-30.