Қарағандылық еріктілер "Аяз Ата бол!" акциясын бастады

Қарағандылық еріктілер "Аяз Ата бол!" акциясын бастады

"Дари добро!" еріктілер қозғалысы жыл сайынғы "Аяз Ата бол!" акциясын іске қосты. Бұл жыл барлығы үшін қиын болды, сондықтан еріктілер өздерінің қамқоршылары үшін жаңа жыл шын мәнінде сиқырлы мерекеге айналғанын қалайды.

- Ата-аналардың материалдық жағдайына қарамастан, балалардың армандары орындалуы керек. Сондықтан біз жыл сайын балаларды тәттілермен және сыйлықтармен қуантамыз, - дейді "Дари добро!" еріктілер қозғалысының жеткшісі Виктория Полякова.

Топ 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде еріктілер тек қарағандылықтарға ғана емес, бірнеше рет көмекке келді. Олар Қазақстанның барлық мұқтаж тұрғындарына көмек қолын созды. Қозғалыс құрамында 26 адам бар. Олардың барлығы қиын жағдайда қолдау көрсетуге дайын.

- Біз көптеген адамдарға көмектестік. Алғашқы жылдары балаларды мектепке жинап, кеңсе заттарын сатып алдық. Екінші қабаттан құлап, өз өмірі үшін ұзақ уақыт күрескен өскемендік кішкентай балаға көмектестік. Қазір бала 6 жаста. Ол 1-ші сыныпқа барды, бүгінде ол жадыраңқы және өмірден ләззат алатын көңілді бала. Бірнеше рет өрт сөндірушілерге көмектестік. Жиындарды ұйымдастырып, құрылыс материалдарын, тұрмыстық техниканы және т.б. әкелдік, - дейді Виктория Полякова.

Өткен жылы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан көптеген балалардың жаңа жылдық тілектерін жүзеге асыру мүмкін болды. Мүгедек балаларға телефондар мен планшеттер сатып алынды. Ертеңгілік ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды. Бірде-бір бала сыйлықсыз қалған жоқ.

- Біздің бір демеушіміз кейбір отбасларын өз қамқорлығына алды. Ол үшінші жыл қатарынан айына бір рет азық-түлік себетін алып келеді. Бізде бұрыннан олардың қалай өмір сүретінін білетін отбасылардың тізімі бар. Өткен жылы біз аниматор шақырып, үлкен шырша сатып алдық. Өкінішке орай, бүгінгі жағдайда бұл мүмкін емес. Бірақ біз Аяз атаға барлық өтініштерді міндетті түрде жолдап, оны орындаймыз, - дейді Виктория Полякова.

Ал балалардың арманы әдетте қарапайым. Ұлдар Жаңа жылға машиналар мен құрастырулар, ал қыздар бүгінде танымал LoL қуыршақтарды қалайды. Бүгінде Виктория Поляковада балалардан келген 100 конверт бар.

- Балаларды көбірек қамтуға болар еді. Бірақ қазір қиын кезең, сондықтан біз негізінен өз күшімізге сенуіміз керек. Әр бала ғажайыпқа үміттенеді, біз ол үмітті жерге тастамауға тырысамыз. Жәнеде біз кез-келген көмекке қуаныштымыз, - дейді Виктория.

Кез келген нинт білдіруші "Аяз Ата бол!" қайырымдылық жобасына қатыса алады. Ең бастысы - баланың арманын орындауға ниеті болуы тиіс. Аяз атаның жаңа жылдық сөмкесіне ойыншықтар, білім беру ойындары, шығармашылық жиынтықтар, кітаптар және тағы басқалар қабылданады. Науқан туралы толық ақпаратты +7-707-137-27-75 телефоны арқылы алуға болады.