Қарағандылық 20 жастағы ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағандылық 20 жастағы ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағандылық 20 жастағы ауыр атлет Артём Антропов Илья Ильинге тиесілі Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының сайты. Ол 216 келі көтерді.

28 қараша, сенбі күні ауыр атлетикадан жеке жаттығуларда Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс қашықтық форматта өтті.

102 кг дейінгі ерлер арасында бірінші орынды 373 кг (157+216) көтеріп, 20 жастағы Артем Антропов жеңіп алды.

«102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің көшбасшысы Артём Антропов Қазақстан рекордын жаңартты. Бұған дейін бұл жаттығуда Илья Ильин үздік болған, оның нәтижесі - 208 келі», - деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясында.