Нұра ауданында Абай Құнанбаев бейнеленген ауқымды қабырға суреті пайда болды

Нұра ауданында Абай Құнанбаев бейнеленген ауқымды қабырға суреті пайда болды

Нұра ауданында Абай Құнанбаев бейнеленген мурал пайда болды. Нұра кентінің орталық көшесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша арт-нысан салынды. Суретті танымал суретшілер бекітті. Ауқымды кескіндемеде қолданылған бояу кез-келген ауа-райына төзімді.

- Эскиз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен келісілді. Оны Павлодардан келген «Арт Студия» мердігерлік ұйымы орындады, - деді Нұра кенті әкімі аппаратының бас маманы Дастан Оспанов.

Ұлы ақын шексіз дала кеңістігінде бейнеленген. Мурал сондай-ақ Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің эмблемасынан тұрады. Мұнда бірыңғай қысқа сенім телефоны 1424 жазылған.