Қарағанды облысында әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің жобасы талқыланды

Қарағанды облысында әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің жобасы талқыланды

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Әлеуметтік қамтамасыз ету кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған қызметтік кездесу өтті, талқылауға облыстың әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенді азаматтық ұстанымды азаматтар қатысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты көзі» халыққа Жолдауында елімізде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында қатынас 17 заңмен және ондаған кіші заңнамалық актілермен реттеледі. Бұл азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларына оңай бағыттануға мүмкіндік бермейді, халықтың әлеуметтік заңнаманы түсінуіне қиындық туғызады,-деп атап көрсеткен. Президент ҚР Үкіметіне еліміздің жаңа Әлеуметтік қамтамасыз ету кодексін әзірлеуге тапсырма берді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік қамтамасыз ету кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу жұмыс басталды.

Жаңа Кодексте мүгедектігі бар адамдарға қатысты барлық мәселе жеке блокқа біріктірілуі тиіс және мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдауға қатысты сұрақтарды реттеуі тиіс.

Жаңа Кодекске халықты әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты қағидарлардың барлығы кіреді деп жоспарлануда, еліміздің халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін кешенді жетілдіруде маңызды қадам болады. Жаңа Кодексті қабылдау нәтижесінде отбасының әлеуметтік картасын енгізілуі, әлеуметтік қызметкердің мәртебесінің арттырылуы және мемлекеттің әлеуметтік саясатымен халық қанағаттануы  тиіс.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында заңнаманы жеңіл, әрі сапалы жақсарту мақсатында бірыңғай Кодексте шоғырландырылатын болады. Оның тұжырымдамасы 2021 жылғы 2 тоқсанда әзірленетін болады, содан кейін оның негізінде Әлеуметтік қамтамасыз ету кодексін әзірлеу басталады. Еліміздің азаматтары өз ұсыныстарын төмендегі сілтемелер арқылы жолдай алады:

- Facebook:  https://www.facebook.com/groups/expert2020;  

- WhatsApp: +7 708 180 35 38 https://wa.me/message/RIAPN2DTW25UP1;  

- Telegram-арна: https://t.me/expertsocial;  

- электронды пошта: expert2020@mail.kz.