Тұңғыш Президент күніне орай Теміртау мұражайында тарихи қайта жаңғыру ашылады

Тұңғыш Президент күніне орай Теміртау мұражайында тарихи қайта жаңғыру ашылады

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Instagram тікелей эфирінде деректі тарихи қайта жаңғырудың ашылуы өтеді. Ол Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толуына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.

Құжаттар мен мұрағаттық фотосуреттер негізінде экспозицияда 1990 жылғы сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымы құрылған сәттен бастап 1991 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстандағы алғашқы демократиялық сайлауға дейінгі тарихи оқиғалардың хроникасы қалпына келтіріледі.

Реконструкцияға келушілер Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатынан алынған маңызды мемлекеттік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ Теміртау мұражайы қорындағы құжаттарды көре алады. Мұражай қызметкерлері 1991 жылғы сайлау алдындағы науқан, теміртаулықтардың болашақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауы және алғашқы президенттік сайлау туралы әңгімелейді.

Экспозиция кураторы - аға ғылыми қызметкер Татьяна Хмелева.

Суретші-безендіруші - Хайниса Мұстафина.

Қайта құрудың ашылуы 30 қарашада сағат 11.00-де мұражайдың Instagram парақшасында тікелей эфирде өтеді.

Анықтама телефоны: (8-7213) 93-19-05.