Қарағандылық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері атанды

Қарағандылық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері атанды

Қарағанды облысының спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, бірнеше күміс және қола медаль салды. Халықаралық жарыс Қырғызстанда өтті.

Дүниежүзілік ойындар әлем халықтарының дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін тоғыстырып, спортшылар бақ сынайтын дода ғана емес, көшпенді халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыратын халықаралық алаңға айналды.

Жарысқа 109 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 42 түрі бойынша күш сынасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Қарағанды облысының өкілдері де бар.

Болат Сапар самбодан жарыста жеңімпаз атанып, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медалін иеленді.

Мирас Тақауиев Қазақстанның көкпардан емес, ұлттық ойын – көк бөріден құрама командасының сапында өнер көрсетіп, командасымен бірге күміс медаль жеңіп алды.

Аңсаған Қожанәсіп тоғызқұмалақтың бір түрі саналатын овари бойынша сайыста үздік үштіктің қатарына еніп, қола жүлдегер атанды.

Ордо (асық ату) жарысында Бақытжан Тілеуғабылов қола медальға қол жеткізді. 

Ал самбодан тағы бір қола жүлдені Жандос Бейсенбаев жеңіп алып, өңір қоржынына салды.

Тазы иттері арасындағы жарыста Қарағанды облысының намысын Нұрдәулет Мырзаканов қорғады. Оның Найза атты иті төртінші орынға ие болды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Бірлік – Дәстүр – Болашақ» ұранымен өтті.