БЖЗҚ қарағандылықтарды Ашық есік күніне шақырады

БЖЗҚ қарағандылықтарды Ашық есік күніне шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 27 қарашада сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін "Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау" тақырыбында  онлайн-форматында ашық есік күні өтеді. Әрбір адам арнайы платформа арқылы осы іс-шараға қатыса алады.

Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері болуы тиіс. Олар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы біледі. Сондай-ақ онлайн-кездесуде қатысушыларға болашақ зейнетақыны есептеуге көмектеседі, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жылдам тәсілін ұсынады. Сонымен қатар, зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да сұрақтарға жауап беріледі.

Ашық есік күніне қатысу үшін тіркелу қажет. Ол үшін сілтемеге өтіңіз https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g....b27aae4b39. содан кейін event-кеңес нөмірі 176 454 3975 және пароль 1231 енгізіңіз.