
Қазақстанның әр мектебінде Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілі сайланады. Бұл кандидатураларын әр білім беру ұйымының балалары ұсынатын мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Енді олар ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен барлық өзекті мәселелер бойынша тікелей өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Дүниежүзілік балалар күні аясында балалар өкілдерінің алғашқы республикалық слеті ұйымдастырылды, онда балалардың өздері модераторлар болды.
- Бізге балалармен тікелей жұмыс істеу, оларды қандай сұрақтар қызықтыратынын, өз деңгейінде қандай проблемаларды анықтайтынын білу және олардың өтініштеріне ден қою маңызды. Біздің елімізде белсенді азаматтық ұстанымы бар, өз пікірін батыл білдіре алатын және өз құрдастарының бастамаларын ілгерілете алатын балалар мен жасөспірімдер өте көп. Біздің чатымыздың қатысушылары бола отырып, барлық балалар өкілдері мектепте болып жатқан оқиғалар туралы хабарлай алады, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын жақсарту бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын айта алады, - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
Республикалық слетте балалар буллингіне, кибербуллингке қарсы іс-қимыл, интернеттегі мінез-құлық этикасы, экологиялық тәрбие, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толерантты көзқарас мәселелеріне назар аударды.
- Осындай жобаның арқасында біз балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға өзіміз қатыса аламыз. Біз үшін бұл саладағы жағдайды жақсы жаққа өзгертуге және өз үлесімізді қосуға бірегей мүмкіндік, - деп атап өтті Белсенді блогер, сегізінші сынып оқушысы Медина Майсар.
ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз орталығының ақпараты бойынша