Қарағандылық джаз оркестрі циркте өнер көрсетеді

Қарағандылық джаз оркестрі циркте өнер көрсетеді

Джаз оркестрі бүгін, 26 қараша, 28-ші концерт маусымын ашады. Ұзақ үзілістен кейін көрермендер цирктегі сүйікті музыканттарының өнерін тамашалай алады.

Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің танымал ұжымының орындауында Энди Фарбердің Аt the oasis, Гордон Гудвиннің Hit the bricks, Бруно Мартиноның Estate хиттері және т.б. шырқалады. Карл Строманның Mazatlan жарқын самбасы тіпті бұлтты және жаңбырлы күнде де көңіл көтереді.

Қарағандылық биг-бендтің бай репертуарында америкалық композитор және аранжировщик Сэмми Нестиконың шығармалары да бар. Бұл кеште джаздың барлық жанкүйерлері үшін Orange Sherbert, Magic flea және Ev ' ry little beat help әуендері шырқалады.

Отис Редингтің ең табысты композицияларының бірі - Respect, Джордж Гершвиннің 'S Wonderful саунддары мен Консуэло Веласкестің Веѕаме mucho танымал композициясы, Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнін джаз фестивальдерінің лауреаты және оркестрдің солисті Ксения Николаева орындайды.

Биг-бендтің бас дирижері және көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

Концертті 26 қарашада сағат 18.30-да Қарағанды концерттік бірлестігінің Youtube-арнасында тікелей эфирде көруге болады.