
Әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Республикалық турнир Алматыда ұйымдастырылды. Жарыс барлық салмақ дәрежесінде өтті. Қарағандылық спортшылар Валерия Гончарова мен Эльмира Сыздықова сәйкесінше 72 және 76 келіге дейін Алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ жерлестеріміз Зульфия Яхярова, Жәмила Насырова өз салмақ дәрежелерінде екінші орынға ие болса, Іңкәр Жанатаева үшінші орынға ие болды.
Еске сала кетейік, Эльмира Сыздықова Токио Олимпиадасына қатысуға лицензия алған болатын.
- Мен қыздарымыздың өнеріне ризамын, - деді Қарағанды облысының әйелдер күресінен аға жаттықтырушысы Владислав Сутормин.