
Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында «Волк, козлята, тётя Маша - получилась сказка наша» атты мюзикл-ертегісінің премьерасы өтеді. Қоюшы режиссерлер - Олег Керимов пен Евгения Тесля-Ярцева.
- Қойылым идеясы театр басшысы Владимир Дроздецкийге тиесілі. Біз өз қойылымымызды жасадық, себебі көп материалды қарап шыққаннан кейін біз қажетті пьесаны таба алмадық. Сонымен қатар, біз бәріміз "Ана" фильмін жақсы көреміз. Барлық әндер сол жерден алынды. Спектакльде өте жақсы тақырыптар қозғалады: аналар, балалар, өзара қарым-қатынастар туралы. Ертегі көңілді және кейбір жерлерде өте әсерлі болды", - деді Евгения Тесля-Ярцева.
Түпнұсқа атауынан көрініп тұрғандай, спектакль орыс халық ертегісі "Қасқыр мен жеті лақ" негізінде жасалған. Бұл 5 жастан асқан балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де қызықты болады.
- Ертегі отбасылық көрсетілім болғанын қаладық. Мен оны жаңартып, музыкалық нөмірлермен толтыруға тырыстым. Біз тіпті оған рэп қостық. Спектакль ананың балаға, баланың анаға деген махаббаты туралы, - деп бөлісті Олег Керимов.
Ертегінің премьерасы 28 қарашада өтеді. Билеттерді ticketon.kz сайтынан, сондай-ақ, театр кассасынан сатып алуға болады.
+7-708-430-23-93 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.