"Идеядан шындыққа" атты бизнес-жобалар конкурсында Саран қаласының үш тұрғыны жеңіске жетті

"Идеядан шындыққа" атты бизнес-жобалар конкурсында Саран қаласының үш тұрғыны жеңіске жетті

Саран қаласының үш тұрғыны "Идеядан шындыққа" атты үздік бизнес-жоба конкурсында жеңіске жетіп, бір миллион теңгеден алды. Іс-шара жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған. Бұл өзіңді дамытып, өз стартапыңды іске асырып, жұмыс орындарын құрудың жақсы мүмкіндігі.

Саранда байқау екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жолы оған 50-ден астам адам қатысты. 29 жасқа дейінгі жастар өздерінің бизнес-идеяларын ұсынды. Жобалар бес балдық жүйе бойынша бағаланды. Өлшемшарттар қатарында: жобаны таныстыру сапасы, оның инновациялылығы, болашағы, команданың болуы, инвестициялық тартымдылығы. Барлық жеңімпаз жобалар Саран қаласында жүзеге асырылады.

- Сіздердің бастамаларыңыз табысты және нәтижелі болуын тілеймін. Қиындықтар оларды шешу үшін берілген. Олар бізді күшті және жігерлі етеді. Жастар кәсіпкерлігін қолдау - мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі, - деп грант иегерлерін Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов құттықтады.

Жеңімпаздар қатарында Алёна Громовая бар. Оның жобасы - әуе гимнастикасы мен акробатика элементтері бар созылу және фитнес спорт студиясы. Мұнда әр түрлі жастағы адамдар қатыса алады - 5-тен 70 жасқа дейін. Алёна қазірдің өзінде спорт секциясын жүргізіп жатыр және мүмкіндігінше көп адамды салауатты өмір салтына жұмылдырғысы келеді.

- Бұл әртүрлі дене дайындығы бар адамдарға айналысуға мүмкіндік беретін аспалы жабдығы бар инновациялық фитнес-жүйе. Бұл әлемдегі фитнестің жаңа түрі. Қазақстанда ол 3 жыл бұрын дами бастады. Қарағандыда осындай бір ғана студия бар. Мен қаламыздың артта қалуын қалаймын", - деді Алёна Громовая.